Жаңалықтар

Кубадағы «Азия үйі» музейінде қазақтың ұлттық құндылықтары таныстырылды

Кубадағы «Азия үйі» музейінде қазақтың ұлттық құндылықтары таныстырылды
Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі 17.02.2024 17:08 545

«Азия үйі» музейінде кубалықтарға қазақтың ұлттық құдылықтары таныстырылды. Шара кезінде оқушылар қазақтың ұлттық тағамдарына деген ерекше қызығушылық танытты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Азия үйі» музейінде Кубада аккредиттелген дипломатиялық корпустың Азия елдері өкілдерінің ұйымдастыруымен Карлос Панеке атындағы мектеп оқушыларына арналған мәдени іс-шара өтті. Шараның негізгі мақсаты - шет елдердің мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстыру. Қазақстанның Кубадағы Елшілігі де осы іс-шараға белсенді қатысты.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қатысушылар Қазақстанның мемлекеттік рәміздерімен, қазақ этносының ұлттық киімдері және де тұрмыстық заттарымен танысты. Келушілер назарына дәстүрлі ұлттық тағамдары да таныстырылды. Сонымен қатар елтану бейнематериалдары мен түрлі кітаптар ұсынылды.

Ерекше айта кетерлігі, кубалық оқушылар Қазақстанға, қазақтың ұлттық тағамдарына қызығушылық танытқан.

Мәдени іс-шара кезінде екі ел арасындағы қатынастар географиялық қашықтыққа қарамастан одан әрі дамуға айтарлықтай әлеуетке ие екені сөз болды. Сондай-ақ оның ішінде осы іс-шара сияқты мәдени-гуманитарлық алмасулар басым бағыттардың қатарына кіретіні айтылды. 

Айта кетейік, бұған дейін Бакуде Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінің қатысуымен «Kaspi» халықаралық мектебінде әлем елдерінің мәдениеттеріне арналған іс-шара өткен болатын. Шара кезінде әзірбайжандық 1-сынып оқушылары қонақтарды қазақ тілінде қарсы алып, қазақтың ұлттық дәстүрлері мен көрікті жерлері туралы айтып берді.  Кейін олар Астана қаласының № 26 мектеп-гимназиясының оқушыларымен бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты. Бейнебайланыс барысында қазақ оқушылары әзербайжан балаларына сәлем беріп, оларға қазақ күйін арнады.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға