460.87
501.56
6.57

Кредиттік тарихыңызды қалай тексеруге болады

bugin.kz
Фото: bugin.kz 02.09.2022 14:17 889

Кредиттік тарих алғашқы ресімделген банктік кредиттен кейін қалыптаса бастайды – одан банктер мен микрокредиттік ұйымдар алдында бедел қалыптасады.

Несие тарихын қалай тексеруге болады?

  •  Бірінші кредиттік бюроның сайты немесе 1CB.kz мобильді қосымша арқылы;
  • онлайн қызмет арқылы E-gov порталында дербес несие есебін алу;
  • «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалдарында;
  • «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде.

Несие тарихын жылына бір рет тегін тексеруге болады. Бір күнтізбелік жыл ішінде қайта сұрау салу кезінде қызметтің құны 400 теңгені құрайды.

Егер сіз несие есебін алып, онда дұрыс емес ақпарат тапсаңыз, бұл туралы банкке хабарлаңыз және растайтын құжаттарды қоса беріңіз.

Сіз сондай-ақ E-gov порталындағы Бірінші кредиттік бюроның кредиттік тарихындағы ақпаратты даулауға арналған жеке тегін онлайн-сервис арқылы кредиттік тарихыңыздағы ақпаратқа дау айта аласыз.

Осы қызметтің көмегімен сіз бұрын жасалған несиелік есеп негізінде даулы ақпаратты жібере аласыз. Нәтижесінде, 15 жұмыс күні ішінде сіз енгізілген өзгерістер туралы хат пен түзетілген жеке несиелік есеп немесе ағымдағы жеке есепте көрсетілген ақпараттың дәлдігі туралы хат аласыз.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар