Әлем Met Gala 2026 кешін талқыға салып жатқанда, біз де қазақстандық жас та талантты дизайнерлерді атап өтейік. Олар сән апталығында топтамасын таныстырып, әлеуметтік желіде көптің ықыласына бөленіп жүр.
Ақбота Қапсалаң – Qara Qandyagash
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ақбота Қапсалаң сирек кездесетін қара «қандыағаш» бейнесі арқылы табиғаттың, мәдениеттің және адам болмысының нәзіктігі мен осалдығын киім үлгілерімен жеткізе білді. Ағаш қабығының фактурасы, жапырақ сызықтарының пластикасы мен ұсамды түстік палитра – барлығы тұтас ұлттық нақыштағы заманауи коллекцияға жинақталған. Оның осы топтамасы биыл Next Designer Award байқауының алтыншы маусымында үздік үштікке кірді.
Ақбота қазір киім суретшісі болып жұмыс істейді. Ол «Жүрек сыры. Махаббатым – сен» спектаклі мен «Жошы Хан» тарихи фильмінде киім үлгілерінің суретін салды.
Айжан Жүзбай – Zhuzbay
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Талантты дизайнер Айжан Жүзбай 2015 жылы Zhuzbay брендінің негізін қалады. Алыс-жақын шетелдегі сән апталығында топтамаларын ұсыныс жүр. Жақында Мәскеуде өткен Qazaq Gala Nauryz сән көрсетілімінде топтамасын көрсетіп, келушілерді қайран қалдырды. Оның ұлттық бояуды жаңа масштабқа шығарғанын сән әлемі жылы қабылдады.
Мари Айрапетян – Mariko
Посмотреть эту публикацию в Instagram
2023 жылы Мари Айрапетян Mariko брендінің негізін қалады. Дизайнер Арменияның Сюник өңірінің бионикасы мен символикасынан шабыт алып, дәстүрлерді заманауи тұрғыда қайта жаңғыртады. Бренд коллекциялары өткен мен бүгінді тоғыстырып, тұрақтылық пен ұзақмерзімділікке басымдық береді. Жас бренд қазірдің өзінде бірқатар жетістіктерге жетіп үлгерді: Next Designer Award empowered by Visa байқауында жүлделі орын алып, Visa Fashion Week аясында алғашқы көрсетілімін өткізді.
Салтанат Бектабанова – Avgvst
Посмотреть эту публикацию в Instagram
2022 жылдың тамыз айында Салтанат Бектабанова негізін қалаған Avgvst бренді алғашында онлайн сатылым арқылы жұмысын бастаған. Дизайнердің New Generation Open Way байқауында жеңіске жетуі бренд дамуына серпін беріп, Kazakhstan Fashion Week аясында шағын коллекциясын ұсынуға мүмкіндік ашты. Avgvst коллекциялары этникалық элементтерді заманауи күнделікті киіммен үйлестіре отырып, жаңа қырынан көрсетеді. Брендтің минималистік стилі әр бұйымның бірегейлігін айқындай түседі.
Айкен Дербісалиева – Kimmin
2024 жылs Айкен Дербисалиева Kimmin брендін құрды. Атауы қазақ тілінен аударғанда «Мен кіммін?» деген мағынаны білдіреді. Бұл кезең оның Next Designer Award empowered by Visa байқауына қатысуымен тұспа-тұс келді. Kimmin – тұлғалық болмысты іздеуге және көшпенді рухтың мәнін зерттеуге арналған бренд. Оның философиясының негізінде қазақтың еркін рухы мен шексіз даласының кеңдігі жатыр.
Дәрия Қуатжан – Darideya
Дәрия Қуатжан 2024 жылы Darideya брендінің негізін салды. Алғашында екі құрбы кәсіп бастап, жалдамалы пәтердің бір бұрышында киім тігіп, оны әлеуметтік желіге жариялап, артынша тұтынушыға қызмет көрсетеді. Қазір қоластында 50-ден астам адам жұмыс істейді. Соның ішінде менеджментке жауапты 12 адам, 30 шақты тігінші, конструктор, 10 шақты қолөнер маманы бар. Жақында Алматыдан үлкен сән үйін ашты. Әлемнің түкпір-түкпірінен тапсырыс түсетіні тағы бар.