Жаңалықтар

«Көзмоншағым» әнін орындайтын әнші 8 айда Алматыдан пәтер мен су жаңа көлік сатып алған

«Көзмоншағым» әнін орындайтын әнші 8 айда Алматыдан пәтер мен су жаңа көлік сатып алған
Фото: instagram.com/jandoskarzhau 06.10.2023 18:00 3892

«Көзмоншағым» әнімен танылған Жандос Қаржаубайұлы хит әнінің арқасында жағдайын түзеп алғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Хит әндерім, әрине, өміріме үлкен өзгеріс әкелгені жасырын емес. Тойға тапсырыс көбейді. Халық арасында танымалдылығым артуда. Бұрын Төреғали ағаларымыз, Абай Бегей ағаларымыз «Аспанға қараймын» сияқты хит әндердің арқасында үй алдым, материалдық жағдайымды жақсарттым» дегенде, ертегі сынды көріп, сенбейтін едім. Бірақ еңбек бәрін жеңеді екен. Себебі «Көзмоншағым» шыққалы бері Алматы қаласынан үйлі болдым, су жаңа Toyota Сamry 70 көлігін міндім, - деді әнші.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға