Жаңалықтар

"Костенко" шахтасындағы бірнеше адам өлімінен кейін прокуратура тергеу амалдарын бастады

"Костенко" шахтасындағы бірнеше адам өлімінен кейін прокуратура тергеу амалдарын бастады
Фото: Ашық дереккөзден 28.10.2023 10:52 545

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған жарылыстан кейін прокуратура тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өткен түнде Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Қылмыстық Кодекстің 277-бабының 3-бөлігі). Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына құқық қорғау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері мен ТЖМ мамандары енгізілді, - деп жазылған Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға орнында тергеу жұмысын Бас Прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев пен ІІМ Министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев үйлестіріп жатқаны айтылды. 

Бұған дейін Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада өрт шығып, 16 адам қайтыс болғаны белгілі болды. Апат уақытында оқиға орнында 252 адам болған. Олардың 205-сі жер бетіне шығарылған. Қайғылы оқиғадан кейін мемлекет басшысы қайтыс болған кеншілердің отбасына көңіл айтып, үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға