Жаңалықтар

Костенко шахтасында қаза тапқан cоңғы кеншінің денесі жер астынан шығарылды

Костенко шахтасында қаза тапқан cоңғы кеншінің денесі жер астынан шығарылды
Фото: telegram 07.11.2023 14:50 539

6 қараша күні сағат 20:00-де Костенко шахтасынан 46-шы қаза тапқан шахтердің денесі табылып, жер астынан шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іздестіру жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды,  – делінген Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Хабарламада тазарту кенжарында тау-кен жұмысшысы болып жұмыс істеген Александр Прокудиннің денесі жер астынан шығарылғаны көрсетілген.

Еске салайық, Костенко шахтасындағы апат 28 қазан күні болған еді.  Болжам бойынша, лавада газ метанының жарылысы орын алған. Апат болған кезде шахтада 252 адам болған, 208 кенші құтқарушылар жер бетіне алып шыққан, 46 адам қаза тапты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға