Жаңалықтар

Көшелер мен ғимараттарда кешке дейін жарық болмайды

Көшелер мен ғимараттарда кешке дейін жарық болмайды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI 04.03.2024 15:27 646

Павлодарда жөндеу жұмыстарының себебінен кешке дейін электр қуаты өшіріледі, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облысының 109 бірыңғай байланыс орталығы, 4 наурызда трансформаторлық қосалқы станция, жиынтық трансформаторлық қосалқы станция және әуе электр беру желісінде жөндеу жұмыстары жоспарланғанын хабарлады.

Аймауытов, Малинова, Новоселов, Клубничная, Сурова, Әуезов, Гайдар көшелері бойындағы тұрғын үйлерде кешкі сағат 16:00-ге дейін жарық өшіріледі. 

Ал кешкі сағат 17:00-ге дейін Катаев көшесі, 44 мекенжайындағы Әбусейітов атындағы мәдени демалыс орталығында, Катаев көшесі, 42 мекенжайындағы «Игрушки» дүкені және «Березка» шаштаразы мен тұрғын үйде жарық болмайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға