Жаңалықтар

Көшедегі вандализм. Тоқаев еліміздің абыройына нұқсан келтіргендер туралы айтты

Көшедегі вандализм. Тоқаев еліміздің абыройына нұқсан келтіргендер туралы айтты
Фото: t.me/aqorda_resmi 01.09.2023 13:22 1226

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында құқық қорғау мекемелерінің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Заң және тәртіп, өзара түсіністік, тілектестік пен жауапкершілік бәрінен биік тұратын тиімді мемлекет боламыз. Қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген арандатушылық әрекетке қатаң тосқауыл қою қажет. Өкінішке қарай, құқық қорғау мекемелері және аймақ басшылары осы жұмысты дұрыс атқармай отыр. Басқа сөзбен айтқанда, заң үстемдігін қамтамасыз етпейді. Соның салдарынан қоғамымызда ұдайы келеңсіз оқиғалар болып жатады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мысалы, даладағы, көшедегі вандализм, кейбір азаматтарымыздың тәртіпсіздігі, мәдениетсіздігі, неше түрлі тұрмыстық жанжалдар еліміздің халықаралық аренадағы абыройына нұқсан келтіріп жүр.

Тағы да айтамын: біздің негізгі мақсатымыз – заңды қатаң сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Біз мәдениетті, білімді, ғылымды дамыту арқылы қазіргі ашық әлемнің бір бөлшегі болуға ұмтылуымыз керек, - деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға