Жаңалықтар

Коронавирус: Елде 500-дей адам індет жұқтырған

Коронавирус: Елде 500-дей адам індет жұқтырған
Фото: © El.kz 10.10.2023 01:21 420

Елімізде 500-ге жуық адам коронавирус жұқтырған. Олардың 25 пайызынан омирконның «Eris» штамы анықталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. Қазір COVID-19 диагнозымен ауруханаларда 23 науқас емделіп жатқанын айтты. Жағдайлар жақсы, сырқатты жеңіл түрде өткізіп жатыр. Өлім-жітім дерегі тіркелмеген деп қосты.

Сондай-ақ өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғандар да жоқ екен. Бас санитар сонымен бірге елде шектеу шаралары енгізілмейтінін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға