Көркем гимнастика: Қазақстан еншісінде 7 финал бар

 Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем кубогы кезеңі бел ортасына жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясы іріктеу нәтижесінде отандасымыз Айым Мейіржанова көпсайыста 8-сатыға жайғасып, лента, доп жаттығуынан финалға жолдама алғанын атап өтті. Ал Айбота Ертайқызына 5-орын шығыршық, лента және ұршықпен финалда өнер көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ топтық сайыста Қазақстан командасы 2 жаттығуда (лента және 3+2) артық сынға шықты.

Оқи отырыңыз