Көркем гимнастика: Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды
16.05.2025 14:41
1018

Фото: ҚР ҰОК
16 мамырда Сингапурда көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жекелей бағдарлама бойынша Қазақстан атынан Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова медаль үшін бақ сынайды.
Топтық жаттығуларда еліміздің намысын Жасмин Жүнісбаева, Айзере Кеңес, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская қорғайды.
Азия чемпионаты 18 мамырда аяқталады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда «Музей түні» атты дәстүрлі акция басталады
Келесі жаңалық
Медицина саласының үздік мамандары анықталды