Жаңалықтар

Көрісу күні: елорда мектептерінде мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр

Көрісу күні: елорда мектептерінде мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 14.03.2024 18:36 399

Астанада Көрісу күніне орай қаланың барлық білім беру ұйымында түрлі іс-шаралар өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, бүгін №29 орта мектебінде мерекеге орай «Наурыз-2024» қойылымы өтсе, №90 гимназия-мектебінде «Амал көрісу» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Қазақ халқының салт-дәстүріндегі көрісу мәдениетінің маңызын көрсету және құндылықтарын дәріптеу мақсатында өткізілетін іс-шараларда қазақтың салт-дәстүрлері көрініс тауып, ұлттық ойындар ойнатылып, мерекелік концерт қойылады. Бұдан бөлек, мектептерде ақындар айтысы, «Амал-көрісу» дәстүрі, «Ұлттық ойындар», «Әжелер» мектебі өткізіледі. Сол сияқты оқушылар күй тартып, ән шырқайды.

Мәселен, Қ.Мұхамедханов атындағы №90 ұлттық гимназияда Көрісу күніне байланысты ауқымды іс-шра өтті.

Көрісу күні елімізде кеңінен тойланбағанымен, соңғы 5-6 жылда халық бүл күнді мерекелеуді үрдіске айналдырып келе жатыр. Ел-жұрт бір-бірімен көрісіп, салтымызды жаңғыртып жатқан тәрізді. Міне, біздің мектебімізде де оқушылар, ұстаздар, ата-аналарға Амал күнінің мән-маңызын түсіндіру мақсатында ауқымды іс-шара ұйымдастырылып отыр.

Көрісу күні адамдардың бір-біріне деген бауырмалдығы мен бірлігін арттыра түседі. Ағайын-тума, дос-жаран өзара өкпе-ренішін ұмытып, жаңа жылда толар бір жастарымен құттықтап, жақсы тілектерін айтысады. Жалпы, бүгінгі мерекелік іс-шара жас ұрпақты жақсыға қуана білуге үйретеді, - дейді №90 ұлттық гимназияның директоры Гүлжанат Әбдіраманова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға