Бір кездері теледидардан түспейтін балалар бүгінде есейді. Бірі кино әлемінде қалып, кәсіби актерге айналса, енді бірі шығармашылықтан алыстады. Олар сомдаған кейіпкерлер әлі күнге дейін көрерменнің жадында қалды.
«Аңшы баладағы» – Қамбар, «Ұят болмасындағы» – Мағжан, «Санжар мен Қайсардағы» – Санжар, Қайсар, Әмина, «Томпақтағы» – Есет пен Берік, «Еркетай» бағдарламасын жүргізген Жәния көптің есінде қалды. Олардың өнер жолы қалай жалғасқаны, қазір не істеп жүргені қызық. El.kz оқырманы үшін кезінде танылған балалардың бүгінгі шығармашылық жолына шолу жасады.
Мағжан Асаубай
Мағжан Асаубай қазақ киносына ерте келіп, көрерменнің ықыласына бөленген актерлердің бірі. Табиғи ойыны мен экрандағы шынайылығының арқасында ол бала кезінен-ақ режиссерлердің назарын аударды. Ол «Ұят болмасын» әзіл-сықақ бағдарламасына 5 жасында түскен. Өзімен бірге кастингке екі бала келеді. Алайда жоба продюсері Серік Абас-Шах Мағжан рөліне Мағжан Асаубайды бекітеді. Жұрттың сүйіктісе айналған актер бүгінде – 32 жаста.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мағжан мектеп бітірген соң, 2011 жылы Алматы қаласындағы Энергетика және байланыс университетіне түсіп, «Ақпараттық жүйе» мамандығы бойынша білім алады. Актерлік жолды қумаған себебі әкесі Бекжан Тұрыс ұлының өнер жолын қуғанын қаламайды. Бірақ театрға деген желік Мағжанды маза таптырмай, бірнеше жылдан соң «Музыкалық театр әртісі» мамандығына түседі. Айым Сейтметова, Зухра Сайпи, Ақжан Айдарұлы сияқты талантты достарымен бірге Жүргенов қабырғасында қабілетін шыңдайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазір М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында жұмыс істеп жүр. Оның «Қоштасқым келмейді» драмасы елдің сүйіспеншілігіне бөленді. Әсіресе, жастар жылы қабылдағаны сонша осы актерлердің қатысуымен «Сезім хаттары» қойылымы дүниеге келді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Театрмен қатар фильмге, сериалға түседі. Биыл қыркүйекте өзі басты рөлдің бірін сомдаған «Фамилия» фильмінің премьерасы болады.
Тамирис Жанғазинова
Тамирис Жанғазинова көрерменге алғаш «Санжар мен Қайсар», «Ғашық жүрек» сериалы арқылы танылды. Табиғи актерлік қабілеті оны қазақ киносындағы ең талантты қыздардың қатарына қосты.
Алғашқы жетістігінен кейін Тамирис өнерден қол үзген жоқ. Оның фильмографиясы жыл сайын толығып келеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ол «Анаға апарар жол», «Дос-Мұқасан», «5:32», «Пленники», «Байдың қызын аламын», «100%», «Нархоз. Студент көке», «Шаһристан», «Qarga», «Гипноз» сияқты фильмдер мен сериалдарда ойнады. Бүгінде ол қазақ киносындағы сұранысқа ие жас актрисалардың бірі саналады.
Санұржан Сүлеймен
Санұржан Сүлейменнің актерлік жолы бала кезінен басталды. Ол «Аңшы бала» фильмінен кейін кәсіби актер ретінде қалыптасып, үлкен кинодағы мансабын жалғастырды.
Оның аталған туындыдағы Қамбар рөлі болашағының жарқын болатынын дәлелдеп берді. «Алдар Көсе» сериалында да рөлін мінсіз алып шықты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Актер «Районы», «Алтыншы пост», «Время патриотов», «Рэкетир-2» фильмдерінде ойнады. Сонымен қатар Түркияның «Mevlana Rumi» тарихи сериалында және өзге халықаралық жобаларда бой көрсетті. Бүгінде ол Қазақстаннан бөлек, шетелдік продюсерлік орталықтармен де жұмыс істейді.
Жасұлан Көпперген
Жасұлан Көпперген – бала кезінен көрерменге таныс актерлердің бірі. Ол алғашқы рөлдерін телехикаяларда сомдап, кейін кино әлемінде тұрақты еңбек етіп келеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Актер «Ағайындылар», «Жаным-2», «Қарлығаш ұя салғанда», «Арманым сен» телехикаяларында, сондай-ақ «Тараз», «Шекер», «1286» сияқты жобаларда ойнап, драмалық образдар арқылы көрерменнің ықыласына бөленді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жасұлан басты рөлді сомдаған «Қайтадан», «Ғашықпын саған» фильмдері ел ішінде танымал болып, ТМД елдеріне прокатқа шықты.
Мерей Мақажан
Мерей Мақажан 8 жасынан бастап балаларга арналған тұнғыш қазақстандық «Санжар мен Қайсар» сериалына түскен. Балалар арасындағы достық пен қызықты оқиғаларды баяндайтын сериал оны жас көрерменнің сүйікті актеріне айналдырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кейін Мерей түрлі сериалдар мен фильмдерге түсіп, актерлік жолын жалғастырды. Оның фильмографиясында бірнеше тележоба мен толықметражды фильм бар. Ол бүгінде де кино саласында белсенді еңбек етіп келеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақ-американ продюсерлері бірігіп түсірген «Әміре» кинокартинасында ойнайды. Қазақ-корей продюсерлері бірігіп түсіріп жатқан фильмге түсті. «Қара жәшік», «Қара бекіре», «Аанаға апарар жол» және тағы басқа фильм мен сериалдарда ойнады.
Рауан Ахметов
Рауан Ахметовтің алғашқы танымал рөлдерінің бірі – «Томпақ» телехикаясындағы Берік рөлі. Сонда Рауан 10 жаста болған. Алғашқы гонорарына телефон сатып алғанын, қалған бөлігін мамасына бергенін айтқан. Кейін ол актерлік шеберлігін шыңдап, жаңа буынның ең сұранысқа ие актерлерінің біріне айналды.
Ол «Черный двор», «Приговор», «Қара», «Ыстамбұлдан келген қалыңдық», «Нелегал» және басқа да танымал жобаларда басты рөлдерді сомдап, Қазақстаннан бөлек ТМД елдерінің көрерменіне де танылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кейінгі жылдары оның қатысуымен түсірілген жобалар онлайн-платформаларда жоғары сұранысқа ие.