Жаңалықтар

Көпке үлгі Әлихан

Көпке үлгі Әлихан
Фото: Видеодан кадр 09.08.2023 10:15 732

Әдетте спорттық ойындар кезінде қоқысын жинап алып кететін жапон жанкүйерлерін үлгі етіп жататын едік. Оларға бергісіз жас ұрпақ Қазақстанда да бар екен.

Оралда футбол матчынан кейін стадионды жинаған жас бала жұртың ықыласына бөленді. «Ақжайық» пен «Жеңіс» арасындағы кездесу аяқталған соң жұрттың бәрі судың бос құтылары мен газет қалдықтарын отырған жерінде тастап кете барған. Ал 10 жастағы Әлихан өзімен әкелген полиэтилен пакетіне қоқыстың бәрін жинап жүргенде көзге түсіп қалады.

Жасөспірім «Жайық жастары» командасында жаттығады екен. Әлихан бар абыройды өзі ғана иеленбей:

«Қасымда Мансұр, Нұртас пен Нәдір деген достарым бар. Олар жиналған қоқысты арнайы жәшікке салуға кетіп қалды»,- деп серіктерінің де еңбегін атап өтті.

Әлеуметтік желіде кең таралған видео астында жеткіншектің істегеніне тәнті болып, қолдап пікір жазғандар көп. Баланың бұл әрекетін ескерген «Ақжайық» клубының өкілдері команданың өз алаңында өтетін ойында сыйлық тапсырмақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға