Жаңалықтар

Көпбалалы отбасыларға 346,8 млрд теңгеге жәрдемақы төленді

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті
Көпбалалы отбасыларға 346,8 млрд теңгеге жәрдемақы төленді
Фото: gov.kz 24.01.2023 12:49 1033

Былтыр еліміздегі көпбалалы 501,2 мың отбасыға 346,8 млрд теңгеге жәрдемақы төленді. Желтоқсан айында 530,8 мың отбасы 31,2 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақымен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады", - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді:

- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК (55 304 теңге);

- 5 балаға – 20,04 АЕК (69 138 теңге);

- 6 балаға – 24,05 АЕК (82 973 теңге);

- 7 балаға – 28,06 АЕК (96 807 теңге);

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК мөлшерінде (2023 жылы 13 800 теңгеден).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға