Жаңалықтар

Көп қабатты үйлердің бәріне жылу берілді — Аян Бейсекин

Облыс әкімі қалған үйлерді жылуға қосу жұмыстарын үш күннің ішінде аяқтауды тапсырды
Көп қабатты үйлердің бәріне жылу берілді —  Аян Бейсекин
Фото: baspasozpvl 11.12.2022 19:30 829

Павлодар облысының әкімі Екібастұздағы қалған жеке меншік үйлерде жылуды қалпына келтіру бойынша бір қатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің арнасына сілтеме жасап. 

Жұмыс сапарының барысында Асайын Байханов Екібастұз қаласының жеке секторындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстардың барысымен танысып, жедел штаб отырысын өткізді.

Қазіргі кезде 24 жеке меншік үйге жылу берілді, қалған 29 үйді жылуға қосу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекиннің айтуынша желідегі де, үйлердің ішіндегі де жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Көп қабатты үйлердің бәріне жылу берілді.

Тұрғын үйлерге беріліп жатқан жылу режимдерінде ауытқу болғандықтан қазір жылумен қамтуды реттеу жүріп жатыр, - деп атап өтті Аян Бейсекин.

Облыс әкімі қалған үйлерді жылуға қосу жұмыстарын үш күннің ішінде аяқтауды тапсырды.

«ОАЭК» АҚ басқарма төрағасы Леонид Янушконың хабарлауынша қазір олардың басты міндеті жылумен қамту жүйесін реттеу болып табылады.

Өз кезегінде аймақ басшысы станцияның тұрақты түрде жұмыс істеуі үшін ауа райының жағдайына қарамастан температураны көтеріп, оны ұстап тұру қажет. Сондай-ақ, ол «ОАЭК» АҚ басшылығының назарын станцияның қазандықтарының жағдайына бұрып, маусымаралық кезеңде күрделі жөндеу жүргізуді ұсынды.  

Біз өз тарапымыздан жылу желілерін жөндеу және жаңғырту бойынша қажетті көмек көрсетеміз. Алайда, сіздер қысқа мерзім ішінде желілерді жаңғырту және қайта құру жобаларын өзектендіріп, сметалық есептеріңізді жаңартуларыңыз қажет. 2023 жылдың ақпан айына дейін соңғы нұсқаларды тапсыру керек, - деді облыс әкімі.

Еске сала кетейік, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына Екібастұздағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың 200-ен астам маманы тартылды. 2022 жылғы 10-желтоқсаннан бастап павлодарлық мамандарды тарту арқылы қаланың жылу желісін реттеу және баптау жұмыстары басталды. Сонымен қатар, жылу трассаларындағы ұсақ су кетулер мен ақауларды жою жұмыстары жүріп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға