Жаңалықтар

Конор Макгрегор алғаш рет киноға түсті

Конор Макгрегор алғаш рет киноға түсті
Фото: instagram.com/thenotoriousmma 29.01.2024 11:51 817

Жеңіл және жартылай жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор Голливуд актері Джейк Джилленхолмен бірге киноға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ирдандиялық аралас жекпе-жек шеберінің дебюті.

«Жол бойындағы үй» – 1989 жылы түсірілген осы аттас фильмнің ремейкі.

Туындының тұсаукесер рәсімі 2024 жылғы 21 наурызға жоспарланған.

35 жастағы спортшы бұл киноны төбелес жанрындағы ең айтулы туындылардың бірі болады деп санайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға