Жаңалықтар

«Конкретно сұрақ қойдым». Жаңбыршин министрді қыспаққа алды

«Конкретно сұрақ қойдым». Жаңбыршин министрді қыспаққа алды
Фото: t.me/mazhilis_kz / primeminister.kz 07.06.2023 11:18 1239

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Энергетика министрлігінің елімізді газбен қамтудағы жүйесін сынға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, Қазақстан Республикасы 2015-2030 жылдарға арналған бас схемасына сәйкес, елімізде газдандыру деңгейі 65 пайызға жетуі керек болған.

Осыған орай газ тасымалдау жұмысын дамытуға жалпы алғанда 103 млрд теңге қаражат тасымалданған. Оның ішінде Ұлттық қордан 85,8 млрд теңге және Үкіметтің резервінен нысана трансферт бойынша 16,9 млрд теңге қарастырылған. Алайда Жоғарғы есеп палатасының қорытындысына сәйкес, Энергетика министрлігі бойынша Ұлттық қордан бөлінген 8,9 млрд теңге нысаналы трансферт игерілмей қалды. Нәтижесінде 299 мың халықты қамтитын 105 елді мекен, 3 қала газбен қамтылмады, - деді Еділ Жаңбыршин.

Сондай-ақ елді мекендердің газбен қамтылмауының негізгі себептеріне тоқталды.

Бірінші – сот процестері, екінші – орындалған жұмыстар актісінің болмауы, үшінші – сметалық құжаттарды өзгерту және басқалары. Яғни министрлікте жүйелі жұмыстың және жауапты мамандардың жауапкершілігінің төмендігін көрсетеді. Жыл сайын қайталанатын жүйелі мәселелерді жою үшін министрлік не істеп жатыр және осыған жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылды ма? - деп энергетика министріне сауал жолдады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға