Көңіл күйді көтеретін ми имплантаты жасалды

 reporter
Фото: reporter

Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметі адамның көңіл күйін жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа ми имплантатын сынақтан өткізеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Британ басылымдарының хабарлауынша, бұл құрылғы депрессия, нашақорлық, обсессивті-компульсивті бұзылыс және эпилепсия сияқты аурулармен күресіп жүрген адамдарға көмектесу мүмкіндігіне ие.

Имплантат мидағы белгілі бір нейрон топтарын қосып, олардың белсенділігін арттыру үшін ультрадыбыстық импульстар жібереді.

Қазір құрылғының қауіпсіздігі мен тиімділігі шамамен 30 науқасқа жүргізілетін клиникалық сынақ кезінде тексеріледі.

Оқи отырыңыз