Конференция лигасы: «Тобыл» «Паневежистен» басым түсе ала ма?

Конференция лигасы: «Тобыл» «Паневежистен»  басым түсе ала ма?
Фото: sports.kz

Қостанайлық «Тобыл» бүгін Конференция лигасы аясында Литваның «Паневежиске» қарсы қарымта кездесу өткізеді. 

Сырт алаңда өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталған еді. «Тобыл» оңайлықпен берілмейтінін көрсетіп, ойынның 84-минутта есепті теңестірді. Сөйтіп, Қостанайда еурокубокта ойнау үшін тағы бір қадам жасап көрмек. Қарымта ойын 19:00-де басталады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от TOBYL FK (@fctobol)

«Паневежис» фаворит пе?

Алғашқы ойын қазақстандықтар үшін оңай соққан жоқ. Бірақ «Тобылдың» алаңында өтетін матч болған соң жеңіске жетуге мүмкіндік бар. Қостанайлық клубта Ислам Чесноков, Райан Сенхаджи, Александр Зуев сынды мықты ойыншылар бар. Футболшылардың құны да жоғары.  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от TOBYL FK (@fctobol)

Қос клубтың бабын салыстырар болсақ, «Паневежис» клубы 20 маусымнан бері ішкі чемпионатта жеңіске жете алмаған. Ал «Тобыл» кейінгі төрт кездесудің екеуінде жеңіске жетті. Сондықтан қостанайлық клубты бабында деуге болады. Әрі жанкүйерлердің қолдауы да ойыншыларға күш береді. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от TOBYL FK (@fctobol)

Одан кейін логистика жағы қарсылас команданы титықтатады. Өйткені «Тобыл» алғашқы ойынға бірнеше километр қашықтықты бағындырып, ұшып барды. 

Қос клубтың негігі құрамы:

«Тобыл»: Устименко, Жагоров, Сенаджи, Ндиай, Боршич, Тағыберген, Мякиш, Чесноков, Талал, Зуев, Милованович.

«Паневежис»: Черняускас, Балсис, Кейта, Керкез, Бурдзилаускас, Бизоза, Раманаускас, Асанте, Асамоа, Петкявичюс, Паулаускас.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от TOBYL FK (@fctobol)

Ойынды бүгін QazSport арнасынан тікелей эфирде көруге болады. 

Оқи отырыңыз