Жаңалықтар

Коммуналдық қызмет саласының 200 қызметкері марапатталды

Коммуналдық қызмет саласының 200 қызметкері марапатталды
Фото: Астана қаласы әкімдігі 24.10.2023 17:24 730

Астананың «Elorda Eco System» компаниясында Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұйымның үздік қызметкерлерін марапаттау рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыханов, еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиев, екі салмақ дәрежесінде төрт әлемдік рекорд иегері Илья Ильин, Астана мәслихатының төрағасы Еран Каналимов қатысты.

«Elorda Eco System» ұйымы су бұру қызметтерін көрсету бойынша елорда мен қала маңындағы елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз етумен айналысады.

Баршаңызды келе жатқан Республика күнімен құттықтаймын! Еліміздің өркендеу жолына үлес қосқандардың барлығына алғыс айтамын. Бұл мереке бізді біріктіру арқылы ұлт рухын көтереді. Баршаңызға денсаулық, амандық және отбасылық бақыт тілеймін!, - деп құттықтады Астана мәслихатының төрағасы Еран Каналимов.

Салтанатты іс-шара Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Естай Мұқашевтің орындауындағы «Қазақ елі» әнімен ашылды.

Біздің компания нөсер кәрізін тазарту мен күтіп ұстауға және қаланың тазалығына бағдарланған.
Бүгін тамаша іс-шара өтті, оның аясында біздің қызметкерлер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Бәріміз қуаныштымыз, - деді «Elorda Eco System» заң бөлімінің қызметкері Үзілдік Дүйсеналинова.

Марапаттар 200 қызметкерге табысталды. Олар мақтау қағаздары мен алғыс хаттардың иегері атанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға