Жаңалықтар

"Көмір орнын қабірге толтырып кетті". Жұлдыз Әбдукәрімова адам өлмей өзгеріс болмайтынын айтты

"Көмір орнын қабірге толтырып кетті". Жұлдыз Әбдукәрімова адам өлмей өзгеріс болмайтынын айтты
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial 30.10.2023 18:23 2244

Танымал актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдукәрімова шахтадағы апатқа қатысты әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. 

Тарихқа тағы бір күн қаралы болып жазылды. Енді тергеп-тексеру, жауаптылар мен немқұрайлық танытқандарды анықтау әрекеттері жүреді. Қош, қандай сабақ алдық? Митталды қуып шыққанмен мәселе шешіле ме? Неге ол тозығы жеткен шахтаны тастап кеткеніне қанағаттануымыз керек? 30 жылда Қарағанды астынан қазған көмір орнын қабірге толтырып кеткені үшін жауап бергізуге пәрменіміз жете ме?

Қаза болғандардың отбасыларына қандай жәрдем көрсетсек те, адамын қайтара алмайтынымызды айтты.

Жұбатуға сөз таппаймыз. Тірі адам тіршілігін жалғастырады екен. Бұдан кейін мұндай қолдан жасалатын апаттар болмаса екен. Көк байрағымыз төмен түспесе екен. Елдегі барлық саладағы инвесторларға деген талап күшейтіліп, келісімшарттар қайта қарастырылуы керек. Адам өміріне немқұрайлы қарауды тоқтатпаса, қаралы күндер бітпесі анық. Кейінгі кездері адам шығыны болмай өзгеріс орнамайтын болды. Неге?, - дейді ол. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға