Жаңалықтар

Колумбияда автобус жардан құлап, 10 адам қаза тапты

Колумбияда автобус жардан құлап, 10 адам қаза тапты
Фото: © QNA 23.07.2023 20:25 470

Колумбияда автобус жардан құлап, 10 адам мерт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еl Tiempo газеті таратқан мәліметке сәйкес, 30 адам жарақат алған.

Белгілі болғандай, автобус 200 метр биіктіктен құлаған.

Қайтыс болғандар арасында екі кәмелет жасқа толмаған жасөспірім бар.

Ал көлікте барлығы 41 жолаушы болған.

Алдын ала деректер бойынша, Кукута қаласынан Вальедупар қаласына Венесуэладан шыққан мигранттар келе жатқан.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға