Жаңалықтар

Колледждерде оқу бағдарламалары өзгереді

Колледждерде оқу бағдарламалары өзгереді
Фото: Pixabay.com 10.04.2023 13:06 1012

Оқу-ағарту министрлігі жаңа типтік оқу бағдарламаларын әзірледі, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Министрліктің техникалық және кәсіптік білім департаментінің мәліметінше, олардың қатарында педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, техникалық-технологиялық, көркемдік-технологиялық, аграрлық-технологиялық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бар.

Жаңа үлгілік оқу бағдарламаларында жұмыс беруші талаптары мен өңір ерекшеліктері ескеріледі және сағат саны мен тақырыптардың мазмұнын 25%-ға дейін өзгерту көзделген.

Жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламаларында білім алушылардың ынтасын, қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін бейіндік бағыт ескеріледі. Ол мамандыққа қатысты кәсіби-танымдық қызығушылықтың дамуына ықпал етеді. Мысалы, "көлем" тақырыбын алатын болсақ, оны зерттеу кезінде арнайы пән мұғалімі сабақты қозғалтқышы бар шеберханада өткізуге болады, - делінген хабарламада. 

Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Ернат Жүнісовтің айтуынша, педагог оның қалай жұмыс істейтінін сол жерде көрсетеді, одан кейін студенттермен бірге қозғалтқыш, жану камерасы секілді басқа да элементтерінің сызбасын қарастырады. Маман үшін білім берудің бұл әдісі өте маңызды, бұл тәсілді математиканы оқытуда да пайдалануға болады.

Қазақстанда колледжге түсетіндердің 80 пайызы – 9-сынып түлектері. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға