Жаңалықтар

Көлікті жалған техникалық байқаудан өткізгендерге жаза күшейеді

Көлікті жалған техникалық байқаудан өткізгендерге жаза күшейеді
Фото: El.kz 13.03.2023 15:21 891

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов автокөлікті жалған техникалық байқаудан өткізгені үшін жауапкершілік күшейетінін мәлімдеді. Премьер-министрдің депутаттық сауалға жауабы Сенаттың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министрдің айтуынша, міндетті техникалық байқау саласындағы құқық бұзушылықтарға жауапкершілікті күшейту мақсатында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске" өзгерістер енгізіледі.

Көлік құралынсыз техникалық байқау жүргізгені үшін жазаны күшейту көзделеді. Жалған техникалық байқау құжатын жасатқаны үшін автокөлік иелеріне, сондай-ақ жалған құжатты жасауға жол бергені үшін "Техбайқау" бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторына да айыппұл салу қарастырылған, - деді Әлихан Смайылов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға