Жаңалықтар

Көлік жүргізушілеріне айыппұл туралы хабарлама жіберіледі

Көлік жүргізушілеріне айыппұл туралы хабарлама жіберіледі
Фото: sn.kz 24.02.2023 22:00 1102

2023 жылғы 1 сәуірде Қазақстанда Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Енді айыппұл төлеу қажеттігі туралы хабарлама жүргізушінің eGov.kz порталындағы жеке кабинетіне және телефон нөміріне жіберіледі. Осыдан кейін айыппұлды төлеу туралы бұйрық жеткізілді деп есептелед, деп хабарлайды El.kz акпарат агенттігі Kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір жүргізушілер атында айыппұлдың бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан және кей банк қосымшаларынан тексере алады.

Сонымен қатар айыппұл туралы хабарлама жүргізушінің eGov.kz порталында тіркелген телефон нөміріне SMS түрінде жіберіледі. Алайда азаматтар порталға телефон нөмірін қате жазуы немесе өзгертіп жіберуі мүмкін. Соның салдарынан машинаны қайта тіркеу кезінде өз атында айыппұл барын білмей жатады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға