Жаңалықтар

Көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды - ҚазАвтоЖол

Көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды - ҚазАвтоЖол
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 19.11.2023 12:15 447

Республикалық маңызы бар жолдар желісі бойынша барлық бағыт ашық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен түнде мамандар 500 м3 құм-тұз қоспасын пайдаланды.

Естеріңізге сала кетейік, ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, қар, жол бойындағы көрінудің шектелуі) еліміздің 3 өңірінде (СҚО, Қостанай және Ақмола облыстары) 27 жол учаскесі жабық болды. Желіде 220 бірлік арнайы техника мен 300 маман жұмыстанды. 

Қостанай облысында жолшы мамандар 30 жүк көлік жүргізушісіне және 4 жеңіл көлік жүргізушісіне көмек көрсетті. Ал СҚО аумағында мамандар арнайы техниканың көмегімен қар құрсауынан 3 көлікті шығарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға