Жаңалықтар

Көлік прокуратурасы Қытаймен шекара маңындағы жағдайды түсіндірді

Көлік прокуратурасы Қытаймен шекара маңындағы жағдайды түсіндірді
Фото: gov.kz 06.04.2023 13:30 628

Жүк тасымалдаушылар ҚХР-мен шекарадағы «Нұр Жолы» кеден бекетінде электрондық кезекті ұзақ күтумен басқа да мәселелерге қатысты наразылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Шекара маңындағы дүрбелең «E-border» бағдарламасы жұмыс алгоритмінің жеткіліксіздігінен орын алғаны белгілі болды. Бағдарлама жеңіл және ауыл шаруашылығы автокөліктерінің, сондай-ақ жүктерді тасымалдау үшін ҚХР-на шығуға иелерінің мақсаты болмаған автобустарды тіркеу деректерін пайдалану арқылы кезек орындарын «броньдауға» мүмкіндік берді.

Мөлшерлемесі 40 мың АҚШ долларына дейін жеткен жүк тасымалдау бойынша «көлеңкелі қызмет көрсету нарығының» белсенділігімен бұл жағдай күрделене түсті.

Жұмыс тобының ұсынысымен кезектен 2 мыңға жуық автокөлік алынып тасталды. Оның ішінде жеңіл, сондай-ақ бұрын есептен алынған немесе есепте тұрмағандары бар. «E-border» бойынша тізімді пайдалануды 16 сәуірде тоқтату туралы шешім қабылданды.

«CarGoRuqsat» жаңа электрондық кезек жүйесінде бұл олқылықтар ішкі істер органдарының дерекқорларымен интеграциялау арқылы ескерілді. Бұл кезектілікпен байланысты алыпсатарлық жасау мүмкіндігін жояды.

Сондай-ақ, өткізу пунктінің аумағында қалдырып кеткен 80-ге жуық ауыр жүк көліктері болды, олардың жүргізушілері тасымалдау қызметтерінің құнын жасанды түрде қымбаттату үшін қасақана ұзақ уақыт бойы ҚХР-на шығуды кешіктірді.

Мұндай фактілерді болдырмау мақсатында, технологиялық схемаға түзетулер жобасы дайындалды, оған сәйкес жүк тасымалдаушылар бұдан былай өткізу пунктінің аумағында 72 сағаттан артық болмауы тиіс.

Сонымен қатар, ҚХР-на виза алудың қиындығына қатысты шағымдар болды. Жүргізушілердің көпшілігінде виза жоқ және тиісті визасы бар басқа жүргізушілермен белгіленген қаражатқа келісуге мәжбүр болуда.

Бас көлік прокуратурасы Сыртқы істер министрлігіне виза алу тәртібі мен шарттарын кеңінен жариялауды, сондай-ақ қажет болған жағдайда осы мәселе бойынша жүк тасымалдаушылармен көшпелі кездесулер өткізуді ұсынды.

Одан бөлек, жүктерді тасымалдауға халықаралық рұқсат алуда қиындықтар болған. Бас көлік прокуратурасының бастамасымен рұқсатты тікелей өткізу пунктінде беруді, сондай-ақ жүк тасымалдаушылар үшін артық талаптарды алып тастауды көздейтін ИИДМ мен МКК бірлескен бұйрыққа қол қойды.

Аталған өткізу пунктіндегі ахуалды мониторингілеу жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға