Жаңалықтар

Көлік министрлігі рұқсат бланкілерін сату дерегі бойынша уәкілетті органдарды жұмылдырды

Көлік министрлігі рұқсат бланкілерін сату дерегі бойынша уәкілетті органдарды жұмылдырды
Фото: ©El.kz/Жалгасбек ТОКТАМЫСОВ 13.02.2024 21:48 338

Әлеуметтік желілерде шетелдік рұқсат бланкілерін сату фактісі туралы бейнежазба жарияланған болатын. Осыған орай Көлік министрлігі қандай шара қолға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Сөз болып отырған латвиялық рұқсат бланкісін жеке кәсіпкер Sofi-trans биыл 31 қаңтарда алған. Осы ретте аталған рұқсат бланкісін сату фактісі бойынша тиісті материалдар Шымкент қаласының полиция және экономикалық тергеу департаменттеріне жолданды. Жалпы өткен жылы ұқсас фактілер бойынша 27 жосықсыз компания анықталып, халықаралық тасымалдарға рұқсат беретін куәліктердің күші жойылған болатын, - деді министрлік өкілдері. 

Бейнероликтегі жазба барысында сарапшы ой-пікірін білдіріп, онда «қайта тіркеудің нәтижесінде Ресейге де, Белоруссияға да санкциялық жүк тасымалданады, яғни әскери мақсатта қолдануға болатын микросхемалар және тағы басқалар» деп анық айтылады. Шекарада жүктердің жекелеген түрлері бойынша реэкспортты болдырмау мақсатында экспорттық бақылау жүзеге асырылады. Осы ретте көрінеу жалған ақпаратты тарату заңнамада көзделген жауаптылыққа әкеп соғатынын айта кеткен орынды.

Бірлескен тасымалдау кәсіпорындарының қызметі туралы айтар болсақ, соңғы 15 жылда Қазақстанда шет мемлекеттердің қатысуымен 63-ке жуық бірлескен кәсіпорын тіркелген. Олар қажетті салықтар мен алымдарды төлеп, азаматтарды қосымша жұмыс орындарымен қамтып отыр. ҚР Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында жарияланған ресми деректер бойынша 2023 жылы аталған кәсіпорындардан мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері шамамен 12 млрд теңгені құрады.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Көлік министрлігі рұқсат бланкілерін бөлу бойынша жаңа ақпараттық жүйені әзірледі. Аталған жүйе тасымалдау нарығына тең қол жеткізу үшін жағдай жасай отырып, көлеңкелі нарықта бланкілерді алыпсатарлыққа жол бермей, нақты қажеттілігі бар тасымалдаушыларды рұқсат бланкілерімен қамтамасыз етеді деп күтіліп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға