Жаңалықтар

Көлік министрі жолдарды тексеру үшін жолға шықты

Көлік министрі жолдарды тексеру үшін жолға шықты
Фото: gov.kz 17.09.2023 22:46 432

Марат Қарабаев Қонаев қаласындағы теміржол вокзалы мен автовокзалды дамыту жоспарларымен танысып, сала мамандарының көтерген мәселелі сұрақтарын талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Содан кейін «Құрты-Қонаев» автожолында қайта жаңарту жұмыстары жүзеге асырылып жатқан жол учаскесіне келіп, жолшылармен кездесіп жұмыс барысының есебін тыңдады. Министр өз кезегінде әрбір жол құрлысы жобаларында қызмет атқарып жатқан компаниялар келісім шарттарында көрсетілген міндеттемелерін сапалы орындауын қатаң тапсырды.

Сапар барысында Марат Қарабаев «Құрты-Бурылбайтал»,  «Балқаш-Бурылбайтал» және «Қарағанды-Балқаш» қайта құру учаскелерін түгел аралайды.

Яғни, таңертең Алматыдан жолға шыққан министр Қарағанды қаласына дейінгі учаскелерді тексеріп «Алматы-Екатеринбург» тасжолын Астанаға дейін автокөлікпен жүріп өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға