Жаңалықтар

Көлік министрі 1 аптада өңірлерді аралап, жергілікті тұрғындармен кездеспек

Көлік министрі 1 аптада өңірлерді аралап, жергілікті тұрғындармен кездеспек
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 03.12.2023 22:35 592

Бұл туралы министрдің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан өзінің Facebook парақшасында жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлік министрі кеше Ұлытау облысына келіп, автокөлікпен жол учаскелерін тексеру үшін Жезқазғаннан Қызылордаға қарай шыққан.

«Министр аталған жұмыс сапары барысында көлік инфрақұрылымы нысандарын аралап, жолдардағы жөндеу жұмыстарының барысын бағамдау үшін облыс пен 2 қаланы бірден аралап өтуді жоспарлап отыр. Олардың қатарында Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалалары барКеше Ұлытау облысына келдік. Бүгін автокөлікпен жол учаскелерін тексеру үшін Жезқазғаннан Қызылордаға қарай шықтық»делінген жазбада.

Баспасөз хатшысының хабарлауынша, министр бұл жұмыс сапары барысында көлік инфрақұрылымы нысандары мен темір жол станцияларын аралап, жолдардағы жөндеу жұмыстарының барысын тексеріп, республикалық маңызы бар күре жолдардың қыс маусымына дайындығын қадағалайды. Сондай-ақ қала және облыс орталықтарында жергілікті тұрғындармен кездеседі, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.

«Егер аталған аймақ азаматтарының Марат Кәрімжанұлына тікелей сауалдары болса, менің жекеме жазуларыңызға болады», деп түйіндеді Ж.Омархан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға