Жаңалықтар

Көлік алаяқтығы: ХҚКО мен мемлекеттік органдардың 59 қызметкеріне қатысты тергеу басталды

Көлік алаяқтығы: ХҚКО мен мемлекеттік органдардың 59 қызметкеріне қатысты тергеу басталды
Фото: © Pixabay.com 13.03.2024 10:01 316

Елге ескі және қауіпті жүк көліктерін, автобустарды жалған құжаттар бойынша әкелуге тырысып, шығарылған жылын ауыстыру фактілері бойынша 2022-2023 жылдары сотқа дейінгі 23 тергеу басталды, бұл іс бойынша бюджетке 14,3 млрд теңгеге залал келтірілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Себебі елімізде автокөліктің шығарылу мерзімі бес жылдан асса, онда 2500 АЕК төлеу керек, ал егер екі жыл толмаса, төленетін сома 0,25 АЕК-ке дейін қысқарады.

ҚМА мәліметінше, мамандандырылған ХҚКО-ның 59 лауазымды тұлғасы мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің осындай жайттарға қатыстылығы тексерілуде.

Көлік құралдарын заңсыз бастапқы тіркеудің негізгі схемалары анықталды. Алаяқтық схемаларды ұйымдастырушылар арнайы ХҚКО-ға бастапқы алымның ең төменгі мөлшерлемесін төлеу мақсатында шығарылған күні өзгертілген жалған түбіртектерді ұсына отырып, автокөлікті есепке қоюды жүзеге асырған, - делінген мәліметте.

Олар Egov порталы арқылы онлайн режимде, жалған құжаттарды пайдалана отырып, ресми дилерден сатып алынған және жаңа КҚ ретінде алымдарды төлеу арқылы жүргізілген.

Сонымен қатар халықаралық автомобиль тасымалдаушысының куәлігі берілген фактілер де тіркелген (ол болған жағдайда бастапқы есепке қою алымды төлемей жүргізіледі).

Кейбір жағдайларда тіркеу контрабандалық жолмен әкелінген көлік құралдарына құжаттардың барлық пакетін қолдан жасаумен жүзеге асырылды.

ҚМА жүргізген талдау көлік құралдарын алғашқы тіркеуді Арнайы ХҚКО қызметкерлері интеграцияланған ақпараттық жүйеге авто санаты туралы дәйексіз деректерді «қолдан» енгізу арқылы жасалғанын көрсетті.

Автокөлік құралдарын бүкіл ел аумағында одан әрі заңсыз алаяқтық схемалар арқылы тіркеуді болдырмау мақсатында агенттік ақпараттық жүйелерді айналып өтіп, деректерді «қолдан» енгізу мүмкіндігін болдырмау жөнінде шаралар қабылдады, - делінген мәліметте.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-мен бірлесіп, Мемлекеттік корпорация қызметінің Қағидаларына заңнамалық деңгейде тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға