Жаңалықтар

Көктемнің тренді қандай?

Көктем. Сән. Тренд.
Көктемнің тренді қандай?
03.03.2017 12:29 9235

«Құлпырып кетіпсің ғой» – бұл сөзді қыз-келіншектер көктем мезгілінде өте жиі естиді. Жаны нәзік, болмыс-бітімі бөлекше сырғалымдардың  көктемде жайқалған гүлдей тартымдылыққа ие болуының өз сыры да бар шығар. Ең басты қағида – әйелдің әр тал шашы, саусағы, кірпігі, қысқасы бітіміндегі барлық мүшелері  «мен нәзікпін» деп тұруы тиіс. Нәзіктік – жүректі  елжіретіп жіберердей бөлекше сөз болғанымен, ол мықты – қару. Сонымен осы көктемде қалай құлпыруға болады? Бұл дәуірде талғаммен киінудің де өз маманы қалыптасқан. Ендеше стилист-дизайнер Виктория Осоканың кеңестерін ұсынамыз.

– Әр жыл сайын белгілі бір түстердің үстемдік құратынын білуші едім. Биылғы көктемде қандай түс сәнді болмақ?

– Қызғылт раушан түс – осы науқанның басты реңі болып табылады. Қызғылт (розовый) қана емес, соған жақын реңкті түстер де сәнді.  Қызғылт пен қызыл түстің өзін үйлестіріп киюге болады.

– Ал трендке қандай киімдер шықпақ?

– Желбірі бар көйлектер мен жейделер трендте. Кэжуал ( сasual) стильді ұнататындарға желбір ғана емес жалба-жұлбасы бар детальдар да сән сапынан түспейтінін айтқым келеді.

– Принт маталар киетін адамдар қандай суреттер мен өрнектерді ескергені дұрыс?

– Сызығы бар киімдер былтыр сәнде болған. Олар биыл да белсенділігін жоғалтпайды. Сонымен қатар бұршақ (горох) салынған көйлектер мен майда гүл күлтелері, гүлдің өзі салынған матадан тігілген көйлектер сәнді болмақ.

– Спорттық стиль туралы не айтасыз?

– Спорттық сән өзектілігін жоймайды. Керісінше бұл маусымда спорттық стиль сәнді деуге болады.

– 8-наурызға қалай киінсек болады ?

– Әйелдік нәзіктігіңізді айқын көрсететін киім киген дұрыс. Себебі ол мерекенің өзі бізден осыны талап етеді. Қандай стиль сәнді болса да, қыз-келіншектер әйелдік ерекшелігін ескере отырып киінсе, оны ер азаматтар бағалайды. Мәселен әдемі көйлек нәзік болмыстың айқындауышы болып қала бермек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға