Жаңалықтар

Көктемді күтпей иммунитет көтеруді қазірден бастау қажет - диетолог

Авитаминоз бен гиповитаминоз айырмашылығы
Көктемді күтпей иммунитет көтеруді қазірден бастау қажет - диетолог
Фото: El.kz 23.01.2023 18:00 2413

Қыс пен көктем айларында адам ағзасында дәрумен жетіспеушілігі туындайды. Ол әлсіреу, жүйкенің жұқаруы, жүктілік кезеңіндегі және емізулі баласы бар әйелдердің күйзеліске ұшырауы сынды кері әсерлері жетерлік. Бұл мезгілдері авитаминоз бен гиповитаминозға шалдыққандардың саны артады. Алдын алу үшін не істеу қажет? El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі арнайы мамандардан кеңес ала отыра, дәрумен жетіспеушілігін дұрыс тамақтану арқылы қалай толтыруға болатынан сараптап көрді.

«Көбінесе адамдар авитаминоз бен гиповитаминозды шатастырып жатады, Иә, екеуі де адам ағзасындағы дәрумен жетіспеушілігінен туындайды. Дегенмен де, гиповитаминоз денсаулықты нашарлатса да, бірақ өлімге әкелмейді. Ал авитаминозда адамдар цинга, пеллагра ауруына шалдыққан жағдайда, өмірге қажетті витамин тапшылығы өлімге әкелуі мүмкін. Негізгі қажетті дәрумендер ағзаға тамақпен бірге түседі, сондықтан кез келген тапшылық бірінші кезекте теңгерімсіз тамақтануды көрсетеді», - дейді диетолог-тренер Балбибі Бақытжанқызы.

Медицина саласы жоғары деңгейде жұмыс жасауда. Дәл солай фармоцевтік қатынас та үлкен өзгерістерге ұшырауда. Дәрі-дәрмеі, дәруменнің алуан түрі бар. Алайда мамандар дәруменді табиғи жолмен, яғни дұрыс тамақтану арқылы көбейту жолын ұсынады.  Дұрыс таңдала белген ас ішу мәзірі бәрін ретке келтіре алады.

Дұрыс тамақтану дененің қалыпты дамуына, денсаулықты сақтауға және аурулардың алдын алуға, жоғары психикалық және физикалық өнімділікке, қоршаған ортаның зиянды факторларына төзімділікке, белсенді ұзақ өмір сүруге, дене салмағының қалыпқа келуіне ықпал етеді.

Ағзадағы әрбір өзгеріске зер салу аса маңызды. Ұйқы қашып, тәбет жоғалып, басыңыз ауырса ағзаға В1 мен В9 дәрумендері жетіспегендіктен. Есте сақтау қабілетінің нашарлауы, іштің ауыруы В12 дәруменінің жетіспеушілігінен туады. Ал Д мен Е дәрумендерінің жетіспеушілігі бірден байқалмайды. Тез арықтау, терлей беру осы витаминдердің азаюынан хабар береді.

Авитаминоз кезінде тіс түсіп, қызыл иектерден қан кетіп, бірлескен ауырсыну пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, салдарынан ағзадаға зат аламасу процесі төмендеп, әртүрлі созылмалы және жұқпалы ауруларына шалдығу мүмкіндігі жоғарылайды. Ол ағзада дәруменнің мүлдем жоқтығының белгілері. Оған басты себеп адамның ауа-райының ауысым кезінде табиғи жеміс-жидек пен көкеністерді күнделікті ас қабылдау мәзіріне енгізбегендіктен дейді мамандар.

«Теңгерімсіз, монотонды тамақтану қоректік заттардың жетіспеушілігіне әкеледі. Негізінен дене тамақтан өмір үшін жеткілікті мөлшерде энергияны ала білуі керек. Дұрыс тамақтану дәмді әрі сүйікті тағамдардан бас тарту емес. Себебі, тамақты пайдалы немесе зиянды деп айтуға келмейді. Тек қажетті мөлшердегі ғана қоректік заттарды қабылдау қажет. Яғни кез келген тағамды жеуге болады, тек дұрыс мөлшерде», - дейді диетолог Балибибі Бақытжанқызы.

Тағам – энергия

Энергия - тыныс алу, тағамды қорыту, ойлау, жүрек жұмысының белсенділігіне жұмсалады. Мысалы, жасөспірім үшін энергияға деген қажеттілік егде жастағы адамдарға қарағанда маңызды; жүктілік және баланы емізу кезінде қоректік заттарға деген қажеттілік артады; физикалық еңбек адамдарына кеңсе қызметкерлеріне қарағанда көбірек энергия қажет. Орташа тәуліктік энергия қажеттілігі әйелдерде 2000 ккал, ал ерлерде 2600 ккал құрайды.

Әрбір қоректік зат ағзада маңызды рөл атқарады және әртүрлі тағам топтарында әртүрлі негізгі заттар, дәрумендер мен минералдар бар. Бүгінгі күні көптеген адамдар көмірсудың мөлшерін азайтуға тырысады, бұл кейбір маңызды қоректік заттардың жетіспеушілігін тудыруы мүмкін.

Сонымен қатар қазіргі таңдағы біз дәрумен береді деп жүрген тағамдардың да құрамы өзгеріп, құнарсыз болып барады. Осы ретте тағам сарапшысы, диетолог-тренер Гүлвира Ибраева бүгінгі сатылымдағы тауық етінің өзі зиян екенін атап өтті.

«Сұранысқа ие тауық етінің құрамы таза емес. Көбісі дұрыс тамақтану немесе диета ұстаған жағдайда тауықтың етін тұтынады. Бірақ оның ішінде етті құнарландыру және салмағын көбейту мақсатында уколдар салынады. Пестициттер, түрлі пептиттер қолданылып, құрамында гормон мөлшері өз деңгейінен жоғары болады. Салдарынан әсіре қыз балаларды ерте есейтеді», - дейді ол.

Өмір сүру үшін тамақтану технологиясы

Адам 99% дұрыс тамақтанбаудан зардап шегеді. Біздің денсаулығымыз жоғарыда атап өткендей біздің тұтынатын тағамның сапасына тікелей қатысты. Әлем ғалымдары бекіткен тамақтану пирамидасы жайлы бәрі білсе де, күнделікті өмірде оны қолданып жүргендер саны аз. Диетолог осы сатылардың оңай түрін күндік нормаға енгізуді кеңес етеді.

«Бірінші кезекте физикалық қозғалыс. Өкінішке орай қазіргі таңда адамдар аз қозғалады. Екінші – су. Ағзадағы зат алмасудың барлығы сулы аймақта өтеді. Ал үшінші сатыда түрлі жаңғақтарды тұтыну қажет. Тамақтанып болғаннан кейін кішкене мөлшерде болсын жаңғақ жесеңіз, ол тамақтың ағзада дұрыс бөлінуіне және көп энергияның жоғалмауына төтеп береді. Сонымен қатар сүтті тағамдар мен тәттінің мөлшерін азайтқан жөн».

Көктемді күтпей иммунитет көтеруді қазірден бастау қажет - диетолог

Кептірілген жеміс-жидектер мен жаңғақтар адам ағзасына зат алмастыру үшін энергия береді. Олардың қымбат болуы да пайдасы мен сапасын көрсетеді дейді мамандар.

Ұлт денсаулығын сақтау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Алайда бірінші кезекте адам өзін-өзі күтсе оның ағзасы ешқандай көмекті қажет етпейді.Сондықтан авитаминоздың алдын алу үшін әркез дұрыс тамақтанып, көкөніс, жеміс-жидекті жиі пайдаланып, дәрігерлік тексеруден өтіп тұрған дұрыс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға