Жаңалықтар

Көктайғақ, жауын-шашын, жел: 19 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Көктайғақ, жауын-шашын, жел: 19 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: © Pixabay.com 19.11.2023 07:33 3464

Қазгидромет 19 қарашада бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысы

19 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 19 қарашада кей уақытта тұман күтіледі.

Жетісу облысы

19 қарашада күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақытта тұман. Батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысы

19 қарашада түнде Ұлытау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Жезқазған қ.: 19 қарашада түнде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қарағанды облысы

Қарағанды қ.: 19 қарашада түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Алматы облысы

19 қарашада күндіз Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, таулы аудандарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысы

19 қарашада Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысы

Көкшетау қ.: 19 қарашада көктайғақ, түнде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

19 қарашада түнде Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 19 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 19 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

19 қарашада Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 19 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қ.: 19 қарашада түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

19 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 19 қарашада шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысы

19 қарашада Абай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Семей қ.: 19 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

19 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Өскемен қ.: 19 қарашада оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысы

19 қарашада түнде Қарағанды облысында батыстан жел соғады, күші басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі.

Жамбыл облысы

19 қарашада күндіз, 20 қарашада түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 19-21 қарашада облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 19-21 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 21 қарашада екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 19-21 қарашада тұман күтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға