Жаңалықтар

Көкшетаулық полицейлер бір отбасын өрттен сақтап қалды

Көкшетаулық полицейлер бір отбасын өрттен сақтап қалды
Фото: © Polisia.kz 26.12.2023 16:41 599

Көкшетаулық полицейлер бүтін бір отбасын өрттен құтқарды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары Көкшетау көшелерін патрульдеу кезінде олар жеке үйден шыққан қара түтінді байқады. Тәртіп сақшылары үй тұрғындарын оятып, көшеге шығарды, үйді қуатсыздандырып, өрт ошағын сөндірді, өртке қарсы қызмет пен жедел жәрдем шақырды.

Бұл түн біз үшін қайғылы аяқталуы мүмкін еді: менің үйімде су жылытатын электр кабелі тұтанып, жеке үйіміздің қаптамасы жанды. Бірақ полиция қызметкерлерінің өз жұмысына жауапты, қырағылықпен және адалдықпен қарауының арқасында олар тұтану мен түтінді байқап, бізді оятып, маған және балаларға шығуға көмектесті, ешкім зардап шеккен жоқ, – дейді тұрғын.

Жаңа жылдық мерекелердің жақындауына байланысты Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін, сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды пайдалану және пиротехниканы қауіпсіз іске қосу тәсілін сақтауды ескерткім келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға