Жаңалықтар

Көкшетаудағы сарбаздардан менингококк пен энтеровирус инфекциясы анықталды

Көкшетаудағы сарбаздардан менингококк пен энтеровирус инфекциясы анықталды
Фото: t.me/KZgovernment 29.08.2023 12:25 575

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Көкшетаудағы сарбаздардың жаппай ауруханаға түсуіне байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда Ақмола облысының әскери бөлімшесінде 45 сарбаздың инфекциялық ауру жұқтырғаны анықталды. Олар инфекциялық стационарға орналастырылды. 41 науқас қазір ауруханада жатыр. Бір науқас жансақтау бөліміне түсті, бүгін оның жағдайы жақсарды. Олардан менингококк инфекциясы мен энтеровирус инфекциясы анықталды. Маусымдық инфекция жүріп жатыр, - деді министр Үкімет кулуарында.

Қазіргі таңда сарбаздармен байланыста болған азаматтар тексеріліп жатыр.

Симптомдары барлар оқшауланды. Жаңа тұлғалар оларға жіберілмейді. Барлығы бақылауда, - деді Ажар Ғиният.

Айта кетейік, кеше Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімшесінің сарбаздары жаппай ауруханаға түсіп, олардың қызуы көтеріліп, басы ауырған. Сондықтан жауынгерлер инфекциялық ауруханаға жатқызылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға