Көкшетауда төтеншеліктер көліктегі өртті 5 минутта сөндірді

 Ақмола облыстық ТЖД
Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Көкшетауда төтеншеліктер жанып жатқан жеңіл көліктегі өртті шақырту түскен сәттен бастап 5 минут ішінде өртті толық сөндірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Оқиға Станционный кентіне бұрылыста болған. Жеңіл автокөліктің мотор бөлігі өртенген. Өрттің жалпы аумағы шамамен 2 шаршы метрді құрады.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. 

Оқи отырыңыз