Жаңалықтар

Көкшетауда синтетикалық есірткіні сақтаған тұрғын бас бостандығынан айырылды

Көкшетауда синтетикалық есірткіні сақтаған тұрғын бас бостандығынан айырылды
Фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі 02.03.2024 12:16 392

Көкшетауда аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды сақтағаны үшін қала тұрғынына қатысты ашық сот отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, азамат «К»  «Telegram»  мессенджері арқылы шартты жерде «бетбелгі» түрінде қалдырған психотроптық заттарды сатып алғаны анықталды. Сол жерде азамат «К» психотроптық заттарды қолданып, екінші «бетбелгі» іздеуге шығып, полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Ұсталған кезде азамат  «К» есірткілік масаң күйінде болған. Сот азамат «К» кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі түзеу мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды. Сонымен бірге сот азамат «К» нашақорлықтан емделуді де тағайындады, - деп жазылған прокуратураның мәліметінде. 

Жастар арасында  есірткі қолданудың алдын алу мақсатында сот отырысына студенттер тыңдаушы ретінде қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға