Жаңалықтар

Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан тасыды

Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан тасыды
Фото: ҚР ТЖМ 29.03.2024 10:46 1066

Қылшақты өзенінің арнасынан шығуына байланысты Көкшетау қаласында 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы және 12 көп қабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ «Ертөстік» балабақшасының 1-қабатын су басты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, қазіргі уақытта 150 м жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр, 280 тонна инертті материалдар төселді. 111 адам эвакуацияланды, оның ішінде 30 бала бар.

Су басқан учаскелерде полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың кезекшілігі ұйымдастырылды.

ТЖД жеке құрамынан 104 адам, 14 бірлік техника, 9 мотопомпа, ПД - 7 адам және 7 бірлік техника, ЖАО-дан 126 адам, 64 бірлік техника, 10 бірлік мотопомпа жұмылдырылды, - делінген мәліметте.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға