Жаңалықтар

Көкшетауда Қопа көлінен мина табылды

Көкшетауда Қопа көлінен мина табылды
Фото: Ақмола облыстық ПД 23.03.2023 21:11 1239

Көкшетауда Қопа көлінен оқу-жаттығуға арналған мина табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бұл туралы 23 наурызда Көкшетау қалалық ПБ-не Қопа көлінде балық аулап жүрген балықшылар хабарлап айтқан.

Жергілікті полицияға балықшылар хабарласып, Қопа көлінде ТМ-62 минасы табылғанын айтты. Тексеріс барысында аталмыш минаның әскери емес, оқу-жаттығуға арналғаны анықталды, - деді ведомстводан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға