Жаңалықтар

Көкшетауда пәтерде жабылып қалған 4 жасар бала құтқарылды

Көкшетауда пәтерде жабылып қалған 4 жасар бала құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ 25.05.2024 21:13 478

Көкшетау қаласында ТЖМ қызметкерлері 4 жасар баланы құтқарды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға қалалық көпқабатты үйлердің бірінде болған. Ересектердің қарауынсыз қалған бала пәтерде жабылып қалды. 

Құтқарушылар балкон арқылы арнайы жабдықтың көмегімен пәтерге кіріп, есікті аша алды.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде бала ата-анасына аман-есен берілді. Бала зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке мұқтаж емес, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға