Жаңалықтар

Көкшетауда нан зауытының қоймасы өртенді

Көкшетауда нан зауытының қоймасы өртенді
Фото: Ақмола облыстық ТЖД 08.08.2023 13:16 436

Көкшетауда нан зауытының қоймасы өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 8 тамыз күні сағат 02:25 шамасында "Көкшетау нан зауыты" ЖШС-нің аумағындағы қоймадан шыққан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз:

Қызыл жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Сағат 03:00 өрт ауыздықталып, 04:53 толық сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталуда. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 42 адам және 13 өрт сөндіру техникасы тартылды, - деді ведомстводан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға