Жаңалықтар

Көкшетауда есірткі қойып кетушіден 78 капсула табылды

Көкшетауда есірткі қойып кетушіден 78 капсула табылды
Фото: © Polisia.kz 02.09.2023 14:50 530

Көкшетауда есірткі қойып кетушіден гашиш майымен 78 капсула тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Көкшетау қаласы полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері кезекті есірткіні жасырын салушының заңсыз қызметін тоқтатты.

Ақмола облысының аумағына келген Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғыны полиция қызметкерлерімен арнайы операция нәтижесінде ұсталды. Оның мақсаты – гашиш майымен капсулаларды жасырын тарату. Жас жігітті ұстау кезінде бомба деп аталатын жасырын оралған есірткілер табылды.

Тергеу барысында полицейлер есірткі затының каннабис сығындысы және гашиш майымен 78 капсуласы бар 2 полиэтилен пакетін тәркіледі. Бірнеше ай бұрын жас жігіт Telegram мобильдік қосымшасы арқылы есірткі құралдарын жасырын салушысы ретінде жұмысқа орналасқаны, содан кейін өзінің кураторының нұсқауы бойынша есірткіні жасырын салу үшін Көкшетау қаласына келгені анықталды.

Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу кезеңінде жас жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға