Жаңалықтар

Көкшетау ЖЭО құрылысы неге тоқтап тұр? Роман Скляр жауап берді

Көкшетау ЖЭО құрылысы неге тоқтап тұр?  Роман Скляр жауап берді
Фото: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі 11.04.2023 11:56 547

«Неліктен Көкшетауға ЖЭО салу жұмысы тоқтатылып тұр? Мемлекет тарапынан ЖЭО ғимаратын салуға келмейтін талап қойылып отырғандықтан құрылысты ешкім өз мойнына алмай отыр деген рас па?» Бұл сұраққа премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оның айтуынша, Көкшетауда жылу электр орталығы жұмысын құру бойынша былтыр екі рет конкурс өткізілді.

Мемлекет орындауға мүмкін болмайтын талаптарды емес, барлық қолайлы жағдайлары бар мемлекеттің қызығушылығындағы талаптарды, іске асыруға бағыттайтын талаптарды ұсынады. Соңғы жағдайларға байланысты жабдықтар да қымбаттап, инвестициялық келеңсіздіктер болды. Ендігі таңда ол жұмыстардың барлығына корректировка жасау керек. Барлық қойылатын қаржылай талаптар мемлекеттік бюджет тарапынан іске асырылуы қажет. Дегенмен, біз оны жеке қордығ тарапынан іске асыруды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, алдағы уақытта жұмысты қай компания қолға алатынын шешетін боламыз, - деді Роман Скляр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға