Кітапханадан трамвайға дейін: ШҚО-да сайлауалды жұмыстар қалай өтіп жатыр

Кітапханадан трамвайға дейін: ШҚО-да сайлауалды жұмыстар қалай өтіп жатыр
Фото: El.kz

ШҚО-да сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда.

«Әділет» партиясы сайлауалды штабының өкілдері Өскемендегі Пушкин атындағы облыстық кітапханада және №1 емханада кездесу өткізді. Қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Кездесуде адами капиталды дамыту, мәдениет саласын қолдау және денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мәселелері көтерілді. Кітапхана қызметкерлері мен медицина мамандары өз ұсыныстары мен пікірлерін айтты. Штаб мүшелері қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Бағдарламадағы басымдықтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері Уварово ауылы тұрғындарымен кездесті. Жиын жергілікті мәдениет үйінде өтті. Қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Кандидаттардың негізгі басымдықтары түсіндірілді. Тұрғындар өз ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді. Қойылған сұрақтарға жауап берілді.

«Байтақ» жасылдар партиясы «Есіктен есікке» акциясын жалғастырды. Партия өкілдері ардагерлермен кездесу өткізді. Кездесуде сайлауалды бағдарлама мен кандидаттың негізгі бағыттары таныстырылды. Тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда.

Қазақстан Халық партиясының өкілдері Өскеменде тұрғындармен ерекше форматтағы кездесу өткізді. Партия мүшелері қала трамвайымен жүріп, жолаушылармен ашық әңгімелесті. Кездесу барысында сайлауалды бағдарлама мен алдағы сайлаудың маңызы түсіндірілді. Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді. Кандидаттар көтерілген мәселелерге жауап берді. Кездесу еркін әрі ашық пікір алмасу форматында өтті.

«Ауыл» партиясының төрағасы Қанат Айтуғанов пен Құрылтай депутаттығына кандидаттар Солнечный кентіндегі “ОХМК”ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Кейін өңір экологтарымен жұмыс кездесуі өтті. Экологиялық мәселелер бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. Қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салды.

«Ақ жол» партиясының өкілдері Күршім ауданында бірқатар кездесу өткізді. Шатб мүшелері «Төре-Тоғам» ЖШС мен «Бұқтырма уылдырық өсіру шаруашылығы» ұжымымен жүздесті. Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Кандидаттардың негізгі басымдықтары түсіндірілді. Көпшілік жиналатын орындарда үгіт материалдары таратылды. Ақпараттық парақшалар орналастырылды.

«Respublica» партиясының Құрылтай сайлауына кандидаты Әлия Көңілханқызы мен облыстық штаб мүшесі Тілек Бейсов «Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ ұжымымен кездесті. Қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бастамалар түсіндірілді. Ұжым қызметкерлері өз ұсыныстары мен сауалдарын жеткізді. Штаб өкілдері көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты. Қаладағы сауда нысандары мен дүкендерде партияның үгіт-насихат материалдарын орналастыру жұмыстары жалғасуда. Ақпараттық жұмыстар өңірдің әр ауданында жүргізілуде.

Оқи отырыңыз