Жаңалықтар

Кітапхана қызметтерін пайдаланушылар саны 9,5 миллионнан асты

Кітапхана қызметтерін пайдаланушылар саны 9,5 миллионнан асты
Фото: © ОКҚ 24.10.2023 13:00 659

24 қазан – Кітапханашылар күні. ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораштың айтуынша, бүгінде елімізде 11 мыңға жуық кітапхана бар. Ондағы кітаптар мен құжаттардың жалпы қоры 328 миллионнан асады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оның ішінде жалпы қолжетімді кітапханалар саны 3891-ді құрайды. Олардың 79 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан. Жалпы қолжетімді кітапханалардың кітап қоры – 73 миллионнан асады, - деді Қуат Қаһарманұлы.

Оған қоса Қуат Бораш еліміздегі оқырмандар саны жыл өткен сайын өсіп келе жатқаны қуантады дейді.

Соңғы кезде кітапхана қызметін пайдаланушылар, яғни оқырмандар саны 9,5 миллионнан асып отыр. Республикалық «Оқитын ұлт» жобасы аясында пайдаланушылар саны жыл сайын 3-4 пайызға артып келеді. Ел кітапханаларының беделін арттырып, кәсіби аренада кітапханашы мамандығының имиджін қалыптастыру мақсатында мемлекет басшысының ұйғарымымен былтырдан бері 24 қазан кітапханашылар күні деп бекітілген болатын, - деп атап өтті спикер.

Биыл мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның тікелей бастамасымен аталмыш мереке «Руханият шамшырағы» салтанатты іс-шара ретінде кеңінен атап өтілді.

Іс-шараға республикамыздың облыс, аудан, ауылдарынан 200-ден астам кітапхана майталмандары, ардагер кітапханашылар, сонымен қатар мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Шара аясында өңірлік кітапханалар үздік заманауи кітапханалық жобалармен таныстырды, - деді Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға