Жаңалықтар

Кісі өлтірген адамдарға мешіт салдырайық. Ринат Зайытов ашуға булықты

Кісі өлтірген адамдарға мешіт салдырайық. Ринат Зайытов ашуға булықты
Фото: t.me/mazhilis_kz 24.05.2023 09:50 10116

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов жастар арасында белең алған электронды темекіге тыйым салу қажеттігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біздің ұрпағымыздың өзінің денсаулығын аман сақтауға құқығы бар. Ал біздің оған зиянын тигізетін нәрсеге жол беруге құқығымыз жоқ. Сондықтан қазір ұрпақтың денсаулығына қандай да бір зиянын тигізетін дүниенің барынша алдын алуға міндеттіміз, - деп депутат ішкі істер министрлігінің өкіліне тікелей сұрақ қойды.

Ринат Зайытов одан кез келген нәрсемен соның ішінде, наркотик, алкоголь, вейппен күресу үшін тыйым салынғаны жеңіл ме, әлде рұқсат етілгені жеңіл ме деп сұрады.

Аталған сұраққа ішкі істер министрлігінің өкілі мұнымен күресіп жатқандарын айтты. Ал егер рұқсат берілген болса одан сайын артатынын жеткізді.

Демек, сіздердің айтып отырған уәждеріңіз негізсіз деген сөз. Мен бұл отырысқа мемлекетке қанша ақша түседі деп келіп отырған жоқпын. Темекенің салығынан түскен ақшаға спорт кешенін салайық дегендеріңіз қызық екен. Онда кісі өлтірген адамдарға мешіт салдырайық. Сонымен шаруамыз бітеді ғой, - деді мәжілісмен Ринат Зайытов.

Депутат халыққа салық түсімінен бұрын жас ұрпақтың денсаулығы маңызды екенін жеткізді. Яғни оның сөзінше салыққа пайдасы бар екен деп жасөспірімдердің денсаулығына зиянды заттарды саудалай беруге болмайтынын айтты.

Өскелең ұрпақтың ағзасына кесірін келтіретін улы заттарды таратуға құқығымыз жоқ. Баянды болашақ үшін таңдау жасайық. Электронды темекі мен вейптен бас тарту ертеңгі күнге жауапкершілікпен қарау деген сөз, - деді Ринат Зайытов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға