Жаңалықтар

"Кім күшті билейді?". Мейрамбек пен Тоқтардың биі хит болды

"Кім күшті билейді?". Мейрамбек пен Тоқтардың биі хит болды
Фото: Видеодан кадр 27.12.2023 15:00 2259

Әнші Сәкен Майғазиев Instagram парақшасында кештің көркін қыздырып, билеп жатқан Мейрамбек Беспаев пен Тоқтар Серіковтің видеосын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айттым ғой, Мейрамбек, Тоқтар, Мақсаттар биді "шашады" деп. Шуақты шақтарыңыз көп болсын, - деп жазды Сәкен Майғазиев.

Желі қолданушылары әншілердің биін қызу талқылап, жарыса пікір жазды. 

"Осыларды бірге көрсем қуанам", "Ағалар бәйгеге шыққалы тұрған тұлпардай тебініп ақ тұр екен", "Осы біздің әншілер қашан әдемі билеуді үйренеді", "мына биді хит кылып жиберу керек қой", "Тоқтар елдің еркесі, жігіттің төресі", "Жас кездерін есіне алып жатқан сияқты", - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Айта кетейік, Сәкен Майғазиев "Ұйқым келмейді" бағдарламасында "МузАРТ" тобының құрылу тарихы туралы айтып берген еді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға