Жаңалықтар

Кілті бар, кірер пәтері жоқ. Көлгіновтің командасы көзалдап келген бе?

Көпбалалы аналар, мүгедектер 10 жылдан бері пәтер алуға кезекте тұрған. Былтыр әупірімдеп жүріп үй алады.
Кілті бар, кірер пәтері жоқ. Көлгіновтің командасы көзалдап келген бе?
28.07.2022 05:38 1063

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі өткен қыста екі жүзге жуық адамға кілт ұстатып, салтанатты жиын өткізген. Бірақ сол үйдің кілті болғанмен тұрғындар әлі күнге кіре алмай жүр, деп хабарлайды EL.KZ «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Бұл – былтыр желтоқсан айында «Шаңырақ» бағдарламасы арқылы пәтер кілтін алып, мәре-сәре болған жұрт. Қала әкімінің орынбасары салтанатты түрде тапсырған. 

Мәселені басынан баяндасақ. Көпбалалы аналар, мүгедектер 10 жылдан бері пәтер алуға кезекте тұрған. Былтыр әупірімдеп жүріп үй алады. Тегін емес әрине. Ипотекасын айма-ай төлеп отырады. Сөйтіп былтыр желтоқсанда үйлі болғандарды құттықтап әкімдіктен шенділер келген. Кілт табыстап, ел-жұртты бір серпілтіп тастайды. Бірақ ол кезде үйдің инженерлік желісі дайын болмай, пәтер иелеріне аз-маз күте тұруды өтінеді. Содан жарты жылдан астам уақыт өтті. Жұрт сандалып әлі жүр. 

Кезекке тұрғаныма 10 жыл болып қалды. міне 7-8 айдан бері сандалып жүрміз. Әкімдікке де басқа жерге де бардық хат та жаздық ешқандай нәтиже жоқ. Талабымыз сол ертерек кілтті берсе, жайғассақ - дейді қала тұрғыны Ұмытшақ Жәйлімісова.

Бағдарлама бойынша бұл үй желтоқсанда салынып бітті. біз банктен төлем қабілетін өткеннен кейін бұл үйге 3 айдың ішінде кіруіміз керек еді. Үш ай емес 8-ші ай кетіп барады жүргенімізге сандалып. Маусым айынан ипотека төлеп жатқан кісілер бар. Мына кісі бар зейнеткер, мен бармын жалғызбасты шілде айы үшін ипотека ақшасын төлеймін. Бірақ әлі үй дайын емес - дейді Гаухар Манекеева есімді қала тұрғыны.

Үйдің өзі дайын. Былтыр толық салынып біткен. Бірақ неге осы күнге дейін тұрғындардың тұруына рұқсат берілмей жатқанын жауаптылардың өзінен сұрадық. Жұрттың да күткені осы ғой 

Үйдің өзі ғана берілді. Ол кезде сеттар дайын болған емес. Ол бәріне мәлім. Үйді берген біз емес, мен оған жауап бермеймін. Тамызда свет, су қосылады,береміз - дейді Қалалық құрылыс басқармасы бөлімінің басшысы Әділет Әнуарбеков.

 Жауапты мекеме басшысы шаруаның шаш етектен екенін айтып ақталды. Енді заңды сұрақ туындайды. елордада инженерлік желіні тартуға 8 ай жетпей ме? Сонымен әкімдік өкілдері енді 15 тамызға дейін күте тұруды сұрайды. Сол кезде тұрғындарға рас кілт береміз деп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға